Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы екінші рет көтеріліп жатыр. Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 сантиметрге жоғарылады.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Сонымен қатар Долматово елді мекенінің жанында да өзен деңгейі 20 сантиметрге биіктеген.
Мұндағы қауіпті деңгей 1 450 сантиметр болса, қазір 1 532-ге жеткен.
Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 сантиметрге түсті. Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 сантиметрге жоғарылаған.
Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 сантиметрге, Ақанбұрлықта 120 сантиметрге түскен.