Атбасар ауданында тағы 50-ден астам адам эвакуацияланды

Атбасар ауданындағы ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Кейінгі тәулікте Самарка ауылынан 50-ден астам адам эвакуацияланды.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл өзеніндегі судың деңгейі күрт көтерілуіне байланысты шұғыл түрде Самарка ауылынан 53 ересек адам, оның ішінде 25 бала, сонымен қатар үй жануарлары Атбасар қаласына эвакуацияланды.

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірлесіп, тәулік бойы Самарка ауылындағы жалпы білім беретін мектепті судан қорғау үшін қосымша бөгет тұрғызып, құм толтырылған қаптарды төсеп жатыр. Сонымен бірге мотопомпа арқылы су сору жұмыстарын да ширатып отыр. Осының арқасында мектеп тасқын судан аман қалды, — делінген хабарламада.