Басты бетЖаңалықтарАлматыда соғыс...

Алматыда соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден төленеді

Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден төленеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерге біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады, — деді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.