Лондонда Салтанат Нүкенованы қолдауға арналған митиң өтті

Бірқатар елде Салтанат Нүкенованы қолдауға бағытталған митиң өтіп жатыр. Бұл жайлы әлеуметтік парақшаларда жарияланды.

13 сәуірде Лондондағы студенттер Салтанат Нүкенованы қолдау мақсатында бейбіт шеру өткізді.

Олар «Заң Салтанат құрсын», “Әр әйел — жалғызым”, “Бьет — значит сядет», «Сен жалғыз емессің” деген үндеумен шыққан. Сонымен бірге ұрып-соққаны үшін, тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жаза қарастыру мәселесін көтерді.

Лондон митиң
Фото: Нұрбол Құсайын

Еркін митиңге 100-ге жуық адам жиналған. Олар да Қазақстанда мұндай қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдатуды талап еткен. Митиңге жиналғандардың қолында #Салтанатүшін #ЗаСалтанат #Қанышергеқатаңжаза #насилиюнетоправдания деген плакаттар бар.

Біз басқа елде жүрсек те еліміздеге болып жатқан жағдайларға бейжәй қарай алмаймыз. Мен әділдік орын алғанын қалаймын. Сол себепті бүгінгі митиңге қатысып, қолдау білдіргім келді, — деді ерікті Нұрбол Құсайын.

Лондон митиң
Фото: Нұрбол Құсайын