Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.
12-13 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. 13-16 сәуір аралығында Алматы облысының Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиңде.
Оның айтуынша, Қостанай облысында 13-17 сәуір аралығында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынның келуіне байланысты облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар.