Басты бетЖаңалықтарАтбасар ауданында...

Атбасар ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Бүгін Атбасар қаласында су деңгейі Жабай өзенінің жер үйіндісінен асты. Бұл туралы Ақмола облысының әкімдігі хабарлады.

Барлық хабарлау жүйелері дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сонымен қатар объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Қазіргі уақытта мотопомпалар арқылы еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік азаматтық қорғаудың жүйесінің 400-ден аса адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жер үйіндісінің алты учаскесінде су тасқыны орын алып, қаланы су басты. Су деңгейі 5.95 метрге дейін тез көтеріліп, қатерлі жағдайға жетті. Қазіргі уақытта ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Барлық тұрғыннан сабырлық сақтауды сұраймын. Қалада эвакуациялау пункттері ұйымдастырылған (ОМ: 2,3,5,6,7, «Олимп» ДСК, БММ), онда түнеу және тамақтану ұйымдастырылады. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындары өтеледі, ол үшін комиссия құрылып, зардап шеккен үйлер дереу тексеріледі. Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар аймақтың барлық тұрғыны үйлерінен арнайы пунктарға баруы керек, – деді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.