Су басқан Құлсары қаласының кейбір бөлігі газдан ажыратылған

Атырау облысында тасқын су басқан Құлсары қаласының кейбір бөлігі газдан ажыратылған. Бұл туралы Жылыой аудандық әкімдігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше шағынауданда газ беру тоқтатылған.

Құлсары қаласындағы «Атырау», «Автожолшылар», «Достық» шағынаудандары мен 2-ауыл, музей маңындағы үш қабатты бес үй газдан ажыратылды. Ал жер астындағы газ құбыры зақымдалып, су кіргендіктен төрт және 6-ауылдағы тұрғын үйлердің жартысына газ қосу мүмкін болмай тұр, — делінген хабарламада.

Құлсары қаласының басқа аумақтарында, аудандағы барлық елді мекендерде газ штаттық режимде беріліп тұр.

Қазір «Жылыойгаз» ЖШС-нің мамандары кесілген газ желілерін қалпына келтіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.