Басты бетЖаңалықтарРиддерде тасжолға...

Риддерде тасжолға лай көшкіні түсті

Шығыc Қазақстан облысы Риддер қаласында тасжолға лай көшкін түсіп, қоғамдық көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

9 сәуірде қаладағы төрт аудан мен Лесное ауылын қосатын тасжолға лай көшкіні түсті. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көшкіннің жалпы көлемі шамамен 150 текше метр.

Зардап шеккендер жоқ. Лай көшкінінің түсуіне беткейден аққан қар суы себеп болып отыр. Көшкін салдарынан электр желісі қуат көзінен ажырап, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап қалды, — делінген хабарламада.