Латвияның Юрмала қаласында өткен «Жаңа толқын – 2010″ байқауында Қазақстан намысын қорғаған Қайрат Түнтеков жол апатына себеп болғаны үшін 40 күн абақтыға қамалып, кейін ел көзінен тасада қалған болатын.
2013 жылы болған оқиға әншінің жұлдызды жолын өзге арнаға бұрып жіберді. Миллиондаған халықтың ыстық ықыласынан шет қалған әнші 4 жыл бойы тек шағын шаралардан көрініп жүрді. Аталған сұхбатында әнші үлкен сахнаға қайта оралғанын нық сеніммен айтты.
«Бәріне айтарым, бұдан былай мен үшін уайымдамаңыздар. Өзім де уайымдамайтын боламын. Осы да жетер!», – деді Қайрат Түнтеков.
Келесі жылы Америкаға аттанып, алып елді бағындырғысы келетінін де жасырмаған әншінің «Америка дауысына» қатысып, Sony Music компаниясымен бірлесе жұмыс істеу жоспарында бар.