Алматы облысы Жібек жолы ауылында көшелерді су басып жатқан видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Видеодағы жазбада Жібек жолы ауылындағы Тегістік, Көкқайнар, Ақжазық көшелерін су басып жатыр.
Алматы облысының әкімдігі Жібек жолы ауылы, Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жер астынан шыққан сулардың жиналып жатқанын хабарлады.
Қазіргі таңда әкімдік тарапынан арық желілерін қазу және арнайы техникалармен суды сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін төрт шақырымнан аса арық желілері қазылды. Қазіргі таңда аталған аймақта жағдай қалыпты және тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.