Жеті облыста 3 745 жер үй су астында қалды

Жеті облыста 3 745 жер үй су астында қалды. Бұл туралы ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты.

Су тасқыны басталғалы бері 75 982 адам, оның ішінде 18 681 бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерінің көмегімен 2 811 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пункттеріне 7 мыңнан астам адам, оның ішінде 2 794 бала орналастырылды. 69 971 жануар қауіпсіздік жерге айдалды. Зардап шеккен өңірлерге 126 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштермен 7,7 миллион астам текше метр еріген қар суы сорылды. 993 мың қапшық және 982 мың тонна инертті материал төселді. 1 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан су бұрылды, — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиңде.

Оның айтуынша, тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1 651 техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды.

Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жер үй, 421 аула аумағы су астында қалуда. Су шайған 105 автожол, оның ішінде төрт көпір мен 101 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық штабтың бақылауында. «Жедел желі» телефонына 1 052 қоңырау түсті. Республикалық және жедел штабтар жұмыс істейді. Барлық күш пен құрал төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылды. Жағдай күрделенетін болса, шұғыл шаралар қабылданады, — деді Ерасыл Сайпаш.

Су басқан аймақты инспекциялау барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті, онда сегіз үй су астында қалды.

Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.