Басты бетЖаңалықтарСҚО-да Сергеев...

СҚО-да Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 180%-ке жеткен

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының ернеуінен асып төгілуі 415 сантиметрге жетті. Өңірде соңғы рет ауқымды су тасқыны 2017 жылы тіркелген еді, ол жолы бөген 338 сантиметрге асып төгілді.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша өткен тәулікте Сергеев су қоймасынанда асып төгілген су деңгейі 80 сантиметрге артқан. Қазір бөген 180%-ке толған. Су әлі де көтеріліп келеді. Болжам бойынша шарықтау шегінде бөгеннен төгілген судің биіктігі 430 сантимертге жетеді.

Есіл ауданы Покровка елді мекенінде бір тәулікте Есіл өзені 411 сантиметрге көтерілді, осылайша қауіпті деңгейге жетуге 20 сантиметр ғана қалды.

Сергеевка қаласының маңында да Есіл өзені әлі көтеріліп жатыр, бір тәулікте 95 сантиметрге артты. Қауіпті деңгей – 1 500 сантиметрге жетуге 175 сантиметр қалды.

Шағын өзендерде су деңгейі түсіп жатыр. Мәселен Андреевка елді мекені жанынан өтетін Шарық өзенінің деңгейі бір тәулікте 90 сантиметрге төмендеді.