Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда бензин...

Қазақстанда бензин мен дизель отынының қоры 1,2 миллион тоннаға жетті

Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының тұрақты жұмыс істеуі «ҚазМұнайГазға» елдегі бензин мен дизель отынының рекордтық қорын жасауға мүмкіндік берді.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы наурыз айына қарай Қазақстанның бүкіл тарихында бензин мен дизель отынының рекордтық қоры қалыптасты – дизель отыны мен бензиннің қоры елдегі тұтынудың 1,5 айына тең, — делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, жалпы қор шамамен 1,2 миллилн тонна отын болды, оның 670 мың тоннасы дизель отыны, 530 мың тоннасы бензин.