Алматы әкімдігі мегаполисте жылыту маусымы қандай жағдайда аяқталатынын мәлімдеді.
Жылыту маусымы уәкілетті органның қаулысы бойынша Алматы қаласының жылыту маусымына дайындық және өту қағидаларына сәйкес, ұзақ мерзімді болжамды ескере отырып, ұзақ уақыт бойы сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8° және одан жоғары болған кезде аяқталады. Қаулы шыққан соң жылу беру тоқтатылады, — делінген хабарламада.