Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде тағы...

Ақтөбеде тағы бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

Ақтөбеде тағы бір ауылдың адамдары эвакуацияланды. Бұл туралыАқтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды.

Ақтөбе облысы бойынша түнде жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілді. Салдарынан Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында Жем өзені көтерілді.

Су деңгейі көтерілген соң қауіп туындады. Барлығы 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Оларды мұнай компаниясының вахталық қалашығына орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады. Ауылда екі ауланы су басты, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ауылда барлығы 1 300-ден астам адам тұрады.

Айта кетейік, кеше түнде Шалқар ауданының Бүйректөбе ауылының тұрғындары эвакуацияланды.