Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды.
Бұл мемлекетке 180 миллион теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сонымен қатар 205 миллион теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп жазды агенттіктен.