Басты бетЖаңалықтарЖазушы, журналист...

Жазушы, журналист Медеу Сәрсеке өмірден өтті

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Қаламгер әр жылдары «Жас Алаш» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан жазушылар Одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы қызметтерін атқарды.

Медеу Сапаұлы өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүріп, «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық», «Көмбе» романдарын жазды.

Медеу Сапаұлының академик Қ. Сәтбаев жайлы «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары әлемнің 112 еліне тараған. Ол А.Беляевтің «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударды. Жазушының «Сәтбаев», «Ебіней Бөкетов» атты деректі ғұмырнамалары мен «Шығыс хикаясы» пьесасы оқырманның жүрегінен орын алды.