Басты бетЖаңалықтарБылтыр Алматыда...

Былтыр Алматыда самокат пен мопедтер 617 жол апатына себепкер болған

Алматыда былтыр мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 617 көлік апаты тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, мегаполисте 2,2 миллион адамға 636 мыңнан астам көлік тіркелген. Сонымен қатар келетін және кететін көліктердің тәуліктік ағыны орташа есеппен қаладан тыс тіркелген 500 мыңға жуық көлік бар.

Осылайша, күніне қала көшелерінде бір миллионнан астам көлік жүреді. Егер республикада 5 миллионға жуық көлік тіркелген болса, олардың әрбір бесіншісі немесе 20%-і Алматыда жүреді.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы – жол қауіпсіздігі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының жалпы санының, соның ішінде жарақат алғандар болатын ЖКО азайғаны байқалады. Көлік апатына әлемнің көптеген шаһары сияқты баламалы көлік түрлерін – мопедтер мен электросамокаттарды пайдалануы әсер еткенін бәрі біледі. Алматы жолдарында мұндай көліктің шамамен 50 мың жүреді, — деді Арыстанғани Заппаров.

Оның айтуынша, ІІМ қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды.

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының жалпы санының 16,1%-і мопедтер мен самокаттардың жүргізушілерінің арасында болады. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі қиылыстарда болады, мопедистер «өлі аймақта» болғанда көлік жүргізушілері оларды көрмейді. Сонымен қатар көптеген мопед жүргізушілері Жол қозғалысы ережелерінің негіздерін білмейді, — деді қалалық ПД бастығы.

Жол-көлік жарақаттары мен өлім-жітім санын азайту мақсатында полиция қызметкерлері күн сайын жол апатарына талдау жүргізіп, соның негізінде патрульдеу арқылы қауіпті аймақтарды күшейтіп, тиісті ұйымдарға жол жағдайын жақсарту бойынша ұйғарымдарды ұсынады.