Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448–453 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,1–451,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 448–453 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 19 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,30 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81–4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,9 теңгеден сатылып жатыр.