Қазақстанда гүлдің бағасы бір жылдың ішінде 8,2%-ке өсті. Бірақ баға төмендеген өңірлер де бар.
Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Қарағанды облысында бір жылдың ішінде гүлдің бағасы бірден 41,5%-ке көтерілді. Одан кейін Алматы облысы (+18,1%) мен Астана (+14,5%) тұр. Алматыда бір жылда 1,3%-ке ғана қымбаттаған.
Ақмола, Жамбыл мен Жетісу облыстарында баға көп өзгермеді, ал Павлодар (-0,9) мен Ұлытау (-6,1) облыстарында керісінше арзандады.
Жыл басында раушан гүлдің орташа бағасы 946 теңге болған. Абай облысында – 1,4 мың теңге, Қостанай облысында – 1,3 мың теңге, ал Шығыс Қазақстан облысында бір тал раушан 1,2 теңгеден сатылды.
Ең арзан раушан гүл Шымкентте, бір данасы – 600 теңге. Батыс Қазақстан облысында – 648 теңге, Қызылорда облысында – 667 теңге.
Жалпы, Қазақстанда гүл бағасы бір жылдың ішінде 8,2%-ке қымбаттады.