Басты бетЖаңалықтарАлматыда жылу...

Алматыда жылу желілерін жөндеу үшін 170 түп ағаш кесіледі

«Алматы жылу желілері» ЖШС кіші Саин көшесінде алуа аумағы арқылы (Ұлықбек даңғылы мен Шаляпин көшесі арасында) өтетін жылумен жабдықтау желілерін алдағы уақытта қайта құратынын хабарлайды.

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.

Қайта құрудың мақсаты – М-8 қалалық жылу магистралінің физикалық тозуына байланысты ресурсын қалпына келтіру және жұмысын жақсарту. Бұл жылу магистралі 1991 жылы пайдалануға берілген.

Жылу құбырын ауыстыру 212 көппәтерлі тұрғын үйді, 39 жеке тұрғын үйді, екі мектеп пен бір балабақшаны, бір емхананы және 36 өзге де нысанды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұрын төселген жылу трассасында ағаштар мен жасыл желектердің болуына байланысты жобада инженерлік дәлізге балама болмағандықтан, кесілген ағаштар мен бұталардың орнына жаңасы отырғызылады, — делінген хабарламада.

Жүргізілген түгендеу мен орман-патологиялық зерттеу бойынша, ағаштарды сақтау мүмкін емес.

Жылу желілерін қайта құру учаскесінде барлығы 310-ға жуық ағаш және 101 бұта бар, оның 177 ағаш пен бұта кесіледі, — делінген хабарламада.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақталуға тиіс барлық жасыл желек қоршаумен қорғалады. Қаланың экожүйесін нығайту үшін қайта құруды жүзеге асыратын «АлматыИнжСтрой» АҚ мердігерлік ұйымы арнайы таңдалған учаскелерде кесілген ағаштардың орнына 1 770 түп ағаш отырғызады. Өсімдіктерді отырғызу бойынша барлық жұмыс Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының тұрақты бақылауында болады.

Қаланың экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, 2024 жылы Алматыда 320 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізіліп жатқан реконструкция – бұл болашақта сенімді және тиімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шара, өйткені бұл құбыр 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді.

«Алматы жылу желілері» ЖШС алдағы инженерлік желілерді жаңғыртуға түсіністікпен қарауды сұрайды.