Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Фото: vedomosti.ru
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5—451,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 447,5—452,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы — 1 долларға 447,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85—4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,8—4,95 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 6 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,41 теңгеге төмендеп, 447,83 теңге болған.