Басты бетЖаңалықтарҚар, бұрқасын,...

Қар, бұрқасын, жел: 6 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктің мәліметінше, 6 наурызда антициклон сілемі Қазақстан аумағының басым бөлігінде құрғақ, желсіз ауа райының қалыптасуына ықпал етеді.

Тек елдің солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай қар жауып, бұрқасындатады. ҚР бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.