Қазақстан былтыр 90 миллион тонна мұнай өндірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылы елімізде қанша мұнай өндірілгенін және шетелге тасымалданғанын айтты.

2023 жылы 90 миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 6,9%-ке жоғары (2022 ж.-84,2 миллион тонна). Қарашығанақта жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде өндіру сөресін қолдау жобалары аясында 5-ші (құны $970 миллион) және 6-шы компрессор (құны $734,6 миллион) салу жұмыстары басталды, тиісінше 2025 және 2028 жылдары аяқтау жоспарланып отыр, — деді Алмасадам Сәтқалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, мұнай экспорты да өсіп, 70,5 миллион тоннаны немесе 109,6% болды (2022 жылы — 64,3 миллион тонна).

Каспий құбыр консорциумының қазақстандық учаскесінде кедергілерді жою жобасы аяқталды. Бұл өткізу қабілетін жылына 72,5 миллиион тоннаға дейін арттырды. Қазақстандық мұнай «Транснефть» ЖАҚ жаңа жүйесі арқылы «Шведт» МӨЗ бағытындағы Дружба мұнай құбыры арқылы Германияға 1 миллион тонна көлемінде тасымалданды, — деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан мұнайы Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі арқылы 1 миллиоин тонна көлемінде тасымалданды, бұл Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы мұнай экспортын 3,4 миллион тоннаға дейін немесе 2022 жылмен салыстырғанда 52%-ке ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Бұған қоса қазақстандық мұнай Қытайға 1,2 миллион тонна көлемінде, Өзбекстанға т/ж бойынша 0,065 миллион тонна көлемінде жеткізілді.

Сонымен қатар Ресей мұнайының ел аумағы арқылы транзиті: Қытайға – 10 миллион тонна, Өзбекстанға – 0,15 миллион тонна болды.