Болжам: Алдағы күндері Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды

Алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайды. Болжамның дөп келу ықтималдығы — 70%. Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы осындай мәлімет таратты.

Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылғы 4 наурыз күні 12 сағат 20 минутта Алматы болжам жасау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

Бүгін сағат 11.22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің магнитудасы 6.1 балл, ал Алматыда сезілуі 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

Комиссия жер сілкінісінен соң дүмпулер болады деп санайды.

«Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады, — делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы биыл 6 наурызда өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да