Алматыда тағы да жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұның афтершок екенін мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілді, — делінген хабарламада.
Сейсмикалық станциялар желісі сағат 12.54 кезінде болған зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында екенін растады.
Магнитудасы — MPV 5.3.
Энергетикалық класы — 11.9.
