Димаш айтқан қазақ әні «Freshasia music» рейтингінде көш бастады

Бұл рейтинг әр 10 минут сайын жаңарып отырады. Ол азиялық әншілердің Қытайдағы танымалдылығына байланысты жасалып отырады. Мұнда әндердің тыңдалымы, ақылы түрде жүктеп алынуы бойынша ұпайлар беріліп, рейтинг құрылады. Сондай-ақ «Азияның жаңа әндеріне» әншінің бір мезгілде үш әні ғана ене алады.

Азияның жаңа әндері, Димаш Құдайберген
Жаңа рейтингте Димаштың «Ұмытылмас күн» әні 118400 ұпай жинап 1- орын, «Battle of Memories» киносының саундтрегі «Memories That Can’t Take Away» әні 115029 ұпаймен 2-орыннан көрінді. «Мен әншімін» байқауының жетінші кезеңінде орындалған «Дайдидау» әні 14-орынға жайғасты.

https://www.youtube.com/watch?v=fWrhgnFfGlc

Айта кетейік, бұған дейін де Димаштың «Singer» байқауының түрлі кезеңдерінде орындаған «Қоңыр күз», «Uptown Funk», «Adagio» мен «SOS d’un terrien en détresse» әндері осы рейтингтен табылды.

ДереккөзInform.kz