Бірқатар өңірде сот төрағалары мен судьялар қызметінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 22 ақпандағы жарлығымен ел өңірлерінде сот төрағалары мен судьялар қызметінен босатылды.

Құжат «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды

Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, 23 судья қызметінен босатылған. Соның ішінде:

  • тоғыз судья – отставкаға кетуіне байланысты;
  • алты судья – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты;
    екі судья – қайтыс болуына байланысты;
  • екі судья — тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметтен босату қажет екені туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
  • бір судья – өз өтініші бойынша;
  • бір судья – басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
  • бір судья — зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
  • бір судья — судьяның кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімі бойынша.

Әр өңірде 92 адам судьялық қызметке орналасты.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.