Көлік министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты рейстердің кестесіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда қайда қоңырау шалуға болатынын хабарлады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ақпараты бойынша, жолаушылар пойыздарының қозғалысына қатысты барлық өзгеріс ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қолжетімді.
Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram-ботының көмегімен тегін ала алады.
Азаматтық авиация саласында да тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Air Astana, SCAT және Qazaq Air әуе компаниялары билеттерді сату жүйесінде қажет өзгерістер енгізіп, жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданды. Fly Arystan әуе компаниясы рейстер кестесіне өзгерістер енгізу бойынша техникалық жұмыстарды аяқтады. Жолаушыларға нақты ұшу уақыты белгіленген билетті қалай жүктеп алуға болатыны туралы ақпаратты көрсете отырып, хабарламалар жіберілді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 29 ақпаннан 2 наурызға дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жедел штабы базасында 8 7172 798214, 8 7172 798213 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмыс істейді.
Сонымен қатар рейс бойынша өзекті ақпаратты нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтері мен әуе компаниялардың Call-орталықтарына хабарласуы керек: Air Astana 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77; FlyArystan 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227); SCAT 8 7252 99 88 80; Qazaq Air 8 727 356 14 14.