«Алматы — Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы алты сағат кешігіп келді

Алматы-2 – Орал бағытындағы N51 «Тальго» жолаушылар пойызы алты сағат кешікті. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздың кешігуіне қатысты түсініктеме берді. 

8 желтоқсан сағат 20.35-те Тобыл станциясында техникалық себеппен №51 пойызы тоқтатылды. Ақау анықталып, жөндеу жұмысы жүргізілгеннен кейін Тобыл станциясынан пойыз 9 желтоқсанда сағат 02.13-те, яғни Орал станциясына алты сағатқа кешігіп жөнелтілді, — делінген хабарламады. 

Сонымен қатар компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайтынын жеткізді.