Ресейдің Украинаға басқыншылық жасағанына екі жыл толды

Алматы тұрғындары Тарас Шевченко ескерткішіне барып, қаза болғандарды еске алып жатыр. Тұрғындар гүл мен шар қойып, украин халқына қолдау көрсетті.

Еске салайық, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Владимир Путин «арнайы әскери операцияның» басталғанын жариялап, Украинаға басып кірген еді.