ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда 04:58-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан Қытай аумағында.
Алматы қаласында 3 балл деңгейінде сезілген. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат болған жоқ.