Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 ақпан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында — жел күшейеді, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында — тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында 40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус, Абай облысында 35-40 градус, Жетісу облысының таулы аудандарында 27 градус қатты аяз сақталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да