Биыл шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларымен елімізде 3 миллионнан астам оқушы қамтылады деп жоспарланған. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде оқушылардың 81,1%-і қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаға тең мүмкіндік беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3%-ке дейін арттыру жоспарланып отыр, — деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
Айта кетейік, балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сонымен қатар Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында алты Оқушылар сарайын ашу жоспарда бар.