Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік ақпараттық...

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауды деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.

Ол үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сотталушы елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары саналатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені тергеукезінде анықталды.

Ол заңсыз алған Қазақстан азаматтарының жеке деректерін ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беруді көздегені толық дәлелденді.