Қаңтарда Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

2024 жылы қаңтар айында Қазақстан азаматтары жалпы 10 күн демалады.

Ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары төрт күн қатарынан демалады.

Ал аптасына алты күн еңбек ететіндерге 30 желтоқсанда жұмысқа шығуға тура келеді. Одан әрі – 3, 4 және 5 қаңтар – жұмыс күні.

Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.