Алматыда 200-ден астам адам коронавирус жұқтырған

Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, жыл басынан 18 ақпанға дейін қала тұрғындары арасында КВИ-дің зертханалық расталған 233 жағдайы анықталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 30 жағдай, жасөспірімдер арасында — алты жағдай, ересектер арасында — 197 жағдай тіркелді.

Тіркелген 233 жағдайдың ішінен: өздігінен қаралғандар – 202 жағдай (86,7%); профилактикалық мақсатта – 18 (7,7%); эпид көрсеткіштер бойынша – 13 жағдай (5,6 %).

Сонымен қатар биыл КВИ жұқтырған адамдардың жас құрамы бойынша:

  • 1 жасқа дейінгі балалар — 21 жағдай тіркелген, үлес салмағы – 9,0%;
  • 14 жасқа дейін — 30 жағдай, үлес салмағы – 12,9%;
  • 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жасөспірімдер арасында — 10 жағдай тіркелді, үлес салмағы – 4,3%;
  • 20-39 жастағы азаматтар – 83 жағдай, 35,6%;
  • 40-59 жастағы азаматтар – 37 жағдай, 15,9%;
  • 60 жас және одан жоғары – 73 жағдай, 31,3%.

Жыл басынан бері 18 ақпанға дейін КВИ мен ауырғандардың ішінде кәсібі бойынша жұқтарғандар: 27,9% — жұмыссыздар, 15,0% — әртүрлі ЖШС — де жұмыс істейтіндер, 11,6% – мектеп жасына дейінгі балалар, 27,5% — зейнеткерлер, 3,9% — студенттер.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын еске салды.

Коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз жолы вакцинация екенін есте ұстаған жөн. КВИ-ді жұқтырудың алдын алу үшін қорғаныс маскаларын қолдану, адамдар көп жиналатын жерге барудан және температурасы жоғары науқастармен байланыста болудан бас тарту ұсынылады. Аурудың алдын алу үшін үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, дымқыл тазалау, сонымен қатар жеке гигиена ережелерін сақтау керек (қолды жиі жуу, антисептиктерді қолдану және т.б.). Егер респираторлық аурулардың белгілері пайда болса, маска киіп, дереу медициналық көмекке жүгіну керек, — делінген хабарламада.