Басты бетЖаңалықтарАлматының орталығында...

Алматының орталығында тағы жарық сөніп қалды

Алматының Алмалы ауданында бірнеше үй мен ғимарат жарықсыз қалды. Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметінше, Алмалы ауданындағы Бөгенбай батыр—Жамбыл—Амангелді—Желтоқсан көшелерінде жарық сөніп қалды.

Апаттың себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында арнайы бригада жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алмалы ауданында орналасқан Гоголь—Амангелді—Абай—Байтұрсынов көшелерінің тұрғындары жарықсыз қалған еді.