Дмитрий Малахов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Малахов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігін Жанат Элиманов басқарған болатын. Президент оны ұлттық қауіпсізік комитетінің бірінші төрағасы қызметіне ауыстырды.
Дмитрий Малахов 1974 жылғы 27 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген.