Twitter АҚШ билігін сотқа берді

Олар елдің Ішкі істер министрлігі мен шекара қызметінің әлеуметтік желі қолданушысы туралы жеке мағлұмат беруін сұраған өтінішін жоққа шығаруды талап етті. Бұл – «АҚШ азаматтығы және көші-қон қызметінің баламасы» деген атаумен ашылған аккаунтқа қатысты жайт.

Болжам бойынша, оны қазіргі әкімшіліктің саясатына қарсы белгісіз біреулер жүргізіп келеді. Сонымен қатар парақша иесі үкіметтік мекеме қызметкері болуы мүмкін.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өткеннен кейін әлеуметтік желіде көші-қон демпартаментін сынға алған парақшалар пайда болды. Осыған байланысты наурыз айында билік өкілдері Twitter компаниясынан осы парақшаларды жүргізіп отырған адамдар туралы ресми ақпарат сұраған. Дегенмен Twitter пікірін анонимді түрде жариялауға АҚШ конституциясындағы сөз бостандығы рұқсат ететінін алға тартып, мұндай мәлімет беруден бас тартты. Тіпті мұны сотта дәлелдеуге дайын.

Дереккөз24.kz