Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді

Жер сілкінісі
Фото: Depositphotos.com
Қазақстандық сейсмологтар 10 ақпан күні сағат 06:41-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай аумағында кезекті дүмпулерді тіркеді.

«СОМЭ» ЖШС мамандарының айтуынша:

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.6.
  • MPV магнитудасы: 4.2.
  • Тереңдігі: 5 км
  • Қазақстан аумағында сезіну (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Бұған дейін сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде таңғы сағат 05:01-де дәл осындай дүмпулерді тіркеген. Оның магнитудасы — 4,5. Жер сілкінісінің энергетикалық класы бірдей: 9,6. Қазақстан Республикасының аумағында байқалмады.