Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы көшкін:...

Алматыдағы көшкін: қалған үш адамның денесі табылды

Алматыда лай көшкіні салдарынан қираған үй үйіндісінің астында қалған барлық адамның денесі табылды.

Бұл туралы ТЖД хабарлады.

Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылғы екі жас жігіттің денесін шығарды, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек беріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапқаны туралы жазған болатынбыз.