Бірінші вице-премьер Роман Скляр «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы 1 наурызда басталатынын растады.
Бағдарлама республикалық бюджет пен Отбасы банктің қаржыландыруы есебінен іске қосылады. Әлихан Смайылов айтқан мәселе пысықталды, бекітілген мерзімде жүзеге асырылады, — деді Роман Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифиңде.
Былтыр қараша айында экс-премьер Әлихан Смайылов журналистерге жаңа «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бірінші наурызда іске қосылатынын мәлімдеген еді.
Бағдарлама шарты бойынша қазақстандықтарға 9%-пен 25 жылға жеңілдетілген ипотека беріледі. Бастапқы жарна – 20%.