Мазмұнға өту
Басты бет / Басты /

Тест: Мұқағали Мақатайдың өлеңдерін қаншалық жақсы білесіз?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
9 ақпан — ақын Мұқағали Мақатайдың туған күні. Атаулы датаға орай, ақиық ақынның өлеңдеріне қатысты тест тапсырып көріңіз.
0%

Қай өлең Мұқағали Мақатайдыкі емес?

Дұрыс! Қате!

Халық арасында, интернетте «Пәк қыз» деген өлеңнің авторы Мұқағали Мақатай деген жалған ақпарат тарап жүр. Шын мәнінде, оның авторы — журналист Аслан Қажен. Оның бұл өлеңі 2009-2010 жылы 2-курс оқып жүргенде «Туалеттегі туынды» деген кітабында жарық көрген. Оған қоса өлең «Пәк қыз» емес, «Алғаш барғанда» деп аталады.

"Сені аңсаймын, қайнаған ақ бас таулар,
Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар», — деген ақынның өлеңінде айтылған «өре» деген не?

Дұрыс! Қате!

Өре – құрт-ірімшік сияқты сүттен жасалған тағамдарды кептіруге арналған сөре. Ол ағаштан жасалады.

Әлеуметтік желіде ақынның қай өлеңі кеңінен танылып жүр?

Дұрыс! Қате!

TikTok желісінде Аружан деген қыздың “Шеше” өлеңін оқыған видеосы кеңінен тарады. Осы өлең Аружанды және ақынның «Шеше, сен бақыттысың!» деген өлеңді танымал етті. Мәселен, блогер қыздың парақшасындағы оқырман саны артқан, оны киноға, бағдарламаларға шақыра бастаған.

Мұқағали: «Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан», — деп кімді арыстанға теңеген?

Дұрыс! Қате!

Мұқағалидің әкесі қарапайым шаруа адамы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза болады. Кейін ақын «Әке» деген өлең жазып, онда әкесін арыстанға теңейді.

«Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей кейде,
Иісі келер көктемнің.
Ұмыттырар ақпанды,
Боз аспан, онан боз дала.
Осынау ғажап шақтарды,
Қозғама, тәңір, қозғама!», — деп Мұқағали қай қала туралы ой толғап жатыр?

Дұрыс! Қате!

Алматы туралы айтып жатыр. 1962 жылы Мұқағали Мақатаев қызмет бабымен Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастаған. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнері қаймақтары шоғырланған ортада өткерген жылдар ішінде өзінің дара үнін, қайталанбас суреткер дарынын танытып, өнімді еңбектене білген. Сол уақытта ақын «Алматының аспаны» деген өлең жазған.

Соңғы екі қатарды табыңыз:
«Бүгін - менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
….»

Дұрыс! Қате!

«Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай», — деп жырлаған ақын "Арыз жазып кетейін" деген өлеңінде.

«МузАрт» тобы Мұқағали Мақатайдың қай өлеңі арқылы ерекше танылды?

Дұрыс! Қате!

2000 жылы «МузАрт» тобы “Сенің көзің” әнін айтып, алғаш сахнаға шықты. Әнші Сәкен Майғазының айтуынша, бұл ән - олардың төлқұжаты іспеттес, сәтті шыққан шығармалардың бірі.

«Жата бер мені күтіп түнегіңде.
Әзірге тірі жүрсем бұл өмірде,
Сенің орның оңаша жүрегімде.
Майгүлім, гүлім менің, көгім менің!», — деген өлең жолындағы Майгүл деген қыз ақынның кімі?

Дұрыс! Қате!

Майгүл — ақынның қызы. Мұқағали Мақатайдың тағдыры оңай болмаған. Оның тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейін сүйікті қызы Майгүлді мотоцикл соғып кетіп, қаза болады. Ақынның қыздарына арнаған өлеңдері қазақ әдебиетінің классикалық туындылары қатарында тұр.

Мұқағали Мақатайдың талантын алғаш бағалаған кім?

Дұрыс! Қате!

Мұқағали Мақатай талантын алғаш бағалаған — жазушы Әбділда Тәжібай. Ол "Қазақ әдебиеті" газетінің 1960 жылғы 18 наурыздағы нөмірінде Мақатайдың өлеңі туралы: "Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!" - деп жазған.

«Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
…Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын», - деген өлеңін кімге арнаған?

Дұрыс! Қате!

Бұл өлең ақын Фариза Оңғарсынға арналған. Мұқағали Фариза Оңғарсынды өзіне жақын тартқан. Алайда бұл өлеңінде ақын қызға деген махаббатын емес, оны дос көріп, сырын, мұңын ақтарған.

Тест: Мұқағали Мақатайдың өлеңдерін қаншалық жақсы білесіз?
Жаман емес!
Мұқағали Мақатай шығармашылығы туралы көбірек ізденіңіз 🙂
Жақсы!
Ақиық ақын Мұқағали Мақатайдың өлеңдерін біршама біледі екенсіз 🙂
Тамаша!
Ақиық ақынның шығармашылығын жақсы біледі екенсіз! 🙂

Бөлісе отырыңыз:

Exit mobile version