Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық жолдардың 12 учаскесінде көліктердің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысы:
1.«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов кілттері» автожолының 46-66 шақырымы, Северное ауылынан-Серебрянск қаласына дейінгі аралық — 79 шақырым.
Жамбыл облысы:
1.«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан-Қайнар ауылына дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 шақырым.
1.«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырымы, Оралқаласынан-РФ шекарасына дейінгі аралық — 100 шақырым.
2.«Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» автожолының 0-213 шақырымы, Чапаево ауылынан-Казталовка ауылына дейін — 213 шақырым.
3.«Өнеге-Бисен-Сайхин» жолының 0-103 шақырымы, Өнеге ауылынан-Сайхинауылына дейін — 103 шақырым.
4.«Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» 0-158 шақырымы, Казталовка ауылынан-Жәнібек ауылына дейін– 158 шақырым.
5.«Самара-Шымкент» тасжолының 195-251 шақырымы, РФ шекарасынан-Оралқаласына дейінгі аралық – 56 шақырым.
6.«Самара-Шымкент» автожолының 261-393 шақырымы, Подстепноекентінен-Жымпиты кентіне дейінгі аралық – 132 шақырым.
7.«Атырау-Орал» тасжолының 189-492 шақырымы, Атырау облысыынң шекарасынан–Орал қаласына дейінгі аралық – 303 шақырым.
8.«Орал-Теплое» жолының 5-33 шақырымы, Оралқаласынан-РФ шекарасына дейінгі аралық — 28 шақырым
9.«Подстепное-Федоровка-РФ шек.» жолының 0-36 шақырымы, Подстепное кентінен–Федоровка ауылына дейін – 36 шақырым.
10.«Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі» жолының 0-14 шақырымы, Подстепное кентінен–Құс фабрикасына дейінгі аралық – 14 шақырым.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 725 техника және 1 372 адам жұмылдырылды.