ТЖМ: Бір күнде 65 адам құтқарылды

Кейінгі тәулікте ТЖМ қызметкерлері 165 мәрте адам құтқаруға аттанды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Оның 76-сы — өрт, 67-сі — іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 65 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жол жабылғаны туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырады.