Елімізде екі бала қызылшадан қайтыс болды

Елімізде екі бала қызылшадан қайтыс болды. Екі жағдайда да бір жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы сенатта денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Өлім-жітіммен аяқталған жағдайға келетін болсақ: екі өлім оқиғасы тіркелді — Астанада және Шығыс Қазақстан облысында. Бұл бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туылған, патологиялар болды, оның үстіне қызылша жағдайын ауырлатты, — деді Айжан Есмағамбетова.