Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы вакцина алды

Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы егілді, оның 6 мыңы 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар.

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, өңірде қараша айынан бері қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Жаппай иммундаумен 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар және 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлері қамтылды.

Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы егілді, оның 6 мыңы 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар, — делінген хабарламада.

Алматы облысында зертханалық жолмен расталған 2 мың жағдай тіркелді. Қызылшамен ауырғандар Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарында тұрады. Оның басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында (71%) анықталды.