Бүгін сенаттың жалпы отырысында Бибігүл Аққожина депутат ретінде ант берді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, – деді Бибігүл Аққожина.
Сонымен қатар отырыс барысында депутат экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті құрамына сайланды.
Еске салайық, 26 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының «Қостанай облысынан парламент сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 20 желтоқсанда сайланған депутатты тіркеу туралы» қаулысын қабылдау бойынша отырысы өтті. Осы орайда Бибігүл Бүркітқызы Аққожина сенат депутаты ретінде тіркелді.