Қостанай облысында бұрқасын салдарынан 114 елдімекен әлі де жарықсыз отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 аудан мен бірқатар елдімекенде әлі де жарық жоқ. Электр энергиясы Қостанай мен Рудныйдың барлық бөлігінде қалпына келтірілді.
Бұған дейін 103 елдімекен жарықсыз қалған еді. Оған ақтүтек боран себеп болған.
Жоғалып кеткен зейнеткер мен оның немересін іздеу жалғасып жатыр. 27 желтоқсан 9.00-дегі жағдай бойынша, облыстағы тасжолдарда 24 адам құтқарылды, 35 тұрғын эвакуацияланып, 317 адам жылыту орындарына орналастырылды, — делінген хабарламада.